20 жыл бұрын Жезқазғанда кісі өлтірген күдікті табылды

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2026

20 жыл бұрын Жезқазғанда кісі өлтірген күдікті табылды. Түркия полициясы 50 жастағы ер адамды Бакыркөй ауданында қолға түсірді. Күдіктіге Ресейдің құқық қорғау органдары халықаралық іздеу жариялаған болатын. Осыдан 20 жыл бұрын қарашада қылмыстық топтың болжамды жетекшісіне қарулы шабуыл жасалған. Белгісіз біреулер үйіне қайтып келе жатқан Сагит Ш-ның көлігіне оқ атқан көрінеді. Ал жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Ұсталған азамат осы қылмысты орындады деген күдікке ілініп отыр. Қазір тергеу және процессуалдық шаралар жалғасуда.