Елордада тағы 2 оқушылар сарайы ашылады

Фото: Астана қаласыныі әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында келер жылы ашылатын Оқушылар сарайы туралы жазды

Ол Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында елорда барлық бағыт бойынша дамып келе жатқанына тоқталды. Әсіресе, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 

Нақтырақ айтқанда, білім беру ұйымдарын, балабақшалар, медициналық орталықтар мен спорт нысандарын және басқа да нысандар салынып жатыр.

Мәселен, қазан айында екі мемлекеттік Оқушылар сарайы – «TANYM ART» (Бейбарыс сұлтан көшесі, 15, Сарыарқа ауданы) және «TANYM SPORT» (Төлеубаев көшесі, 3, Алматы ауданы) көпфункционалды кешені ашылды. Олар балалардың зияткерлік, шығармашылық және спорттық әлеуетін дамытуға бағытталған. 

Қосымша білім беру нысандарында бассейн, оқу кабинеттері, коворкинг аймақтары, спорт, концерт залдары және т.б. қарастырылған.

- Соңғы жылдары елордада осындай 6 мекеме аштық. Олардың жалпы сыйымдылығы – 8 250 орын.
Қазір де бірқатар Оқушылар сарайының құрылысын жүргізіп жатырмыз. Мысалы, 2027 жылы қосымша білім беруге арналған тағы екі ірі мемлекеттік нысан – «TANYM TECH» және көпфункционалды спорт сарайын ашу жоспарланып отыр.

Алдағы жылдары қосымша білім беру нысандарының желісін кеңейту жұмысы жалғасады», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.