ТЖМ құтқарушылары арнайы техникамен тұрғынды эвакуациялады

Фото скрин

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Қарақужиха ауылында ТЖМ қызметкерлері медицина қызметкерлерінің науқасқа жетуіне көмектесіп, оны жедел жәрдем көлігіне дейін тасымалдауды ұйымдастырды, деп хабарлайды Astana TV.

Жол жағдайының күрделілігіне байланысты жедел жәрдем бригадасы шалғай орналасқан елді мекенге өз бетінше жете алмады. ТЖМ қызметкерлері жоғары өтімді арнайы техникамен дәрігерлерді тікелей ауыл тұрғынының үйіне жеткізді.

Науқасты тексергеннен кейін дәрігерлер оны шұғыл түрде ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдады. Ер адам жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізіліп, әрі қарай медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

ТЖМ ескертеді: төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласыңыз!