Таеквондошы Батырхан Төлеуғали жартылай финалға өтті

ҰОК

Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали елордада өтіп жатқан Гран-придің ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Astana TV.

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында ресейлік Артем Мытаревпен кездесті.

Екі раундтың қорытындысы бойынша Батырхан Төлеуғали 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали 1/8 финалда 2025 жылғы әлем чемпионы, бразилиялық Энрике Маркес Родригесті жеңген еді.