Қазақстан орташа зейнетақы мөлшері бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) кіретін елдер арасында төртінші орынға жайғасты. 2026 жылғы ақпандағы дерек бойынша, елімізде орташа зейнетақы 288,7 доллар немесе шамамен 143,2 мың теңге болған. Алайда төлем мөлшерінің жоғары болуы зейнеткерлердің сатып алу қабілеті де артты дегенді білдірмейді. Бұл туралы Astana TV хабарлайды.
Қазақстан қай елдерден кейін тұр?
Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының 2026 жылғы ақпандағы мәліметіне сәйкес, ТМД елдері арасында орташа зейнетақы мөлшері бойынша Беларусь бірінші орынға шыққан. Онда төлем көлемі 374,1 доллар немесе шамамен 185,5 мың теңге болған.
Екінші орында Әзербайжан – 340 доллар (168,6 мың теңге), ал үшінші орында Ресей – 328,7 доллар (163 мың теңге).
Қазақстан 288,7 доллармен төртінші орынғажайғасты. Одан кейінгі орындарда Өзбекстан, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан тұр.