Астанада 18 жастағы жастар алғаш рет дауыс берді

Gov.kz

Елордадағы сайлау учаскелеріне өмірінде алғаш рет сайлауға қатысып жатқан жас тұрғындар келуде, деп хабарлайды Astana TV.

Мәселен, №142 сайлау учаскесінде елорданың 18 жастағы тұрғыны алғаш рет дауыс берді. Оның айтуынша, бұл – өз азаматтық ұстанымын білдіруге берілген мүмкіндік.

Сондай-ақ №63 сайлау учаскесінде де 18 жастағы астаналық алғаш рет дауыс берді.

Алғаш рет сайлау құқығын пайдаланған жас азаматтарды елорданың барлық ауданындағы сайлау учаскелерінде қарсы алуда. Олардың көпшілігі үшін бүгінгі сайлау елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысудағы алғашқы тәжірибе болды.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада 446 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Өз сайлау учаскеңіздің мекенжайын sailau.astana.kz сайтынан, «Сайлау Астана» Telegram-чат-боты арқылы немесе iKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөміріне хабарласып білуге болады.