Вице-президент Астана қаласындағы №503 сайлау учаскесіне барды
Вице-президент мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Astana TV Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Вице-президент Ерлан Қарин Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында орналасқан №503 сайлау учаскесіне барып, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.