Мәслихат сайлауы күні Астанада 26 сәби дүниеге келді

Istockphoto

2026 жылы Қазақстанда 922 дәрінің бағасы төмендеп, 1 006 препарат қымбаттаған. Министрлік дәрі-дәрмек бағасын реттеу және тегін дәрілермен қамту шараларын түсіндірді, деп хабарлайды Astana TV.

Астанада мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткен күні 26 нәресте өмірге келді. Қала тұрғындары сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатқанда, елорданың перзентханаларында ондаған отбасы сәбилі болып, қуанышқа бөленді.

Медициналық ұйымдардың мәліметінше, дүниеге келген нәрестелердің 15-і – қыз, 11-і – ұл.

Елордадағы ана мен баланы босандыру ұйымдарының дәрігерлері мен медицина қызметкерлері болашақ аналар мен жаңа туған нәрестелерге тәулік бойы қажетті медициналық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

Астанада ана мен бала денсаулығын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Қалада жүкті және босанатын әйелдерге, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жұмыстары жалғасып келеді.