«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қызметкерлер санын 15%-ға қысқартады. Бұл жөнінде қордың адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директоры Ұлан Тәжібаев мәлімдеді. Ол мұнда еңбек ететін азаматтардың халықаралық тәжірибе мен стандарттарды игерген жоғары білікті мамандар болуы шарт екенін айтты. Сондай-ақ шетелден маман тартуға аса ықтияр емес екенін аңғартты.
Ұлан Тәжібаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директоры:
Ең біріншіден, біздер оларды компанияның ішінен, екіншіден, Қазақстанымыздың ішінен іздеп іріктейміз. Тек қана Қазақстанда жоқ квалификацияны немесе тиісті деңгейде квалификациясы болмаса, сонда ғана шетелдік мамандарды тауып, тағайындаймыз.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА