Сенатта ағымдағы жылдың нақтыланған бюджеті қаралды. Баяндамашы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың айтуынша бюджет тапшылығын үкімет 2 пайызға арттырған. 300 теңге деп есептеп қойған 1 долларды 360 теңгеге өсіріп, 40 доллар деп есептеп қойған мұнайдың баррелін 30 долларға түсірген.
Жалпы ішкі өнім 3 есеге құлдырап, 0,5 пайызға түсіп қалған. Мұнай өндірісі 74 млн тонна көлемінде - белгіленген жоспардан 3 миллионға аз. Салықтық түсімдер де кеміген.
Кейбір деталдар: Бірыңғай зейнетақы қорынан алынып, бизнеске берілетін несиелер 9-10 пайыздан аспайды – деп отыр, үкімет мүшелері. Қосымша 7 млрд теңге бөлініп, пайыздық мөлшерлеме субсидияланады. Мұның барлығы минусқа кетпеудің амалдары көрінеді.
Ерболат Досаев, Ұлттық экономика министрі:
Банктер Бірыңғай зейнетақы қорынан алатын қарызды нарықтық ставкалар бойынша рәсімдесе де, «Бизнестің жол картасы» бойынша жүзеге асатын жобаларды субсидиялаймыз. Оның екі ставкасы бар: шағын және орта бизнес 8 пайыз, моноқалалар 10 пайыз. Банктердің маржасын есептегеннің өзінде кәсіпкер алатын қарыз теңгемен 9-10 пайыз төңірегінде болмақ.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:
Минусқа кетіп қалмас үшін, осындай шаралар қабылдап отырмыз. Уақытылы инфрақұрылымды салу бүгінгі жағдайда экономиканың өсуінің драйвері болады.
үңіліп, 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі заманды еске салды. Соғыстан кейін күйреген шаруашылықты қалпына келтіруге 1 пайыздық несие беріліпті:
Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Сталиннің тапсырмасымен құлаған үйлерді қалпына келтіруге, тұрғын үй құрылысына 1 пайыздық несиелер берілген.Ол қандай кез еді? Қазіргі жағдаймен салыстыруға келмейді. Мен түсінбеймін,біздің банктердің пайызы неге сонша көп? Түсіндіріңізші.
Оған қоса сенатор қазіргі Германиядағы 2 пайыздық несиелерді де айта кетті. Ал Ұлттық банк өкілі -Батыста инфляция деңгейі өте төмен, бізде өткен айда 14,4 пайызды құрады -деді. Қарызды одан аз пайызға ешкімнің бермейтініне нұсқады.
Олег Смоляков, Ұлттық банк төрағасы міндетін атқарушы:
Егер Германиядағы ставка туралы айтатын болсақ, оларда цинфляция деңгейі төмен. Ал бізде инфляция мәселен, қаңтар айында жылдық өлшем бойынша 14,4 пайызды құрады.
Биылғы бюджетте әлеуметтік салаларға 2 трлн 998 млрд теңге қарастырылған.