Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан барлық құрамалар анықталды. Күні кеше Англия құрамасы Колумбиядан пенальти кезеңінде басым түскен. Осылайша, команданың үздік шабуылшысы Харри Кейн 6 гол соғып, сұр мергендер көшін бастап тұр.
Енді ¼-ші финалда ағылшындар Швецияға қарсы өнер көрсетеді. Мұнан өзге Ресей - Хорватия, Уругвай - Франция, Бразилия - Бельгия құрамалары сайысқа түспек. Жартылай финалға жолдама беретін ойын 6-шы шілде күні Уругвай құрамасы мен Франция арасында бастау алады. Ал әлем чемпионатының финалдық кездесуі 15-ші шілде күні Мәскеудегі Лужники стадионында өтеді.