Мемлекет басшысы Ақордада Халықаралық кеңес мүшелерімен кездесті. Құрамына Польша, Австрия сынды мемлекеттердің бұрынғы басшылары мен Италия, Израильдің үкіметтерін басқарған беделді сарапшылар енген кеңес Қазақстанның алдағы экономикалық дамуы туралы ойларын ортаға салды. Мамандар сонымен қатар елімізде іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға тоқталды. Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы сынды ұйымдармен қарым-қатынас орнатуға басымдық беретінін ерекше атап өтті.
Альфред Гузенбауэр, Австрияның экс-федералды канцлері:
Бүгін жаһандық экономиканың жай-күйі мен, Еуропадағы ахуал, Таяу Шығыс пен Қытай нарығының жағдайы бойынша сындарлы диалог болды. Оның ішінде жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуін құру бойынша стратегиялық серіктестік орнатудың өзекті мәселелері бар. Қазақстан басшысының бастамаларымен танысып, кездесуден өзімізіге тың серіпін алдық.
Александр Квасьневский, Польшаның экс-президенті:
Барлық бағдарламалар, реформалар дұрыс бағытта жылжып келеді деп ойлаймыз. Олар Қазақстанды заманауи мемлекеттер қатарына қосуы тиіс. Бұған дейін елдің экономикасын табиғи байлықтар ілгерілетсе, енді Қазақстанның болашағына адами капитал әсер етеді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ