"Мұз үстінде құламаған алтынды, қара жерде құлаттық". Осылай деп Денис өліміне өкініш білдіргендер оны жоқтап жатыр. Ақындардың спортшымен қоштасу өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз.
Серік Сейтман- ақын:
"Тағдырыңды таңып берген пышаққа, Біздің xалық шыныменен ұсақ па?!
Мұз үстінде ойнақтаған құлыншақ, Қинадың-ау... Сыймадың-ау құшақққа.
Айнұр Жаппарқұлова, ақын:
Атың сенің болар бізге әлі аңыз, Сені жоқтап жатыр міне бар халық.
Сарғаюда Сарыарқадай даламыз, Қош бол енді, біздің Денис баламыз!