Русский Сайттың толық нұсқасы

«Air Astana» ұшақтары істен шыққандықтан, 12 рейс тоқтатылған

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2018
  • 2216

Бүгін "Air Astana" компаниясының 12 рейсінің кешігуіне ұшақтардағы техникалық ақаулар себеп болған.  Бұл туралы елдің жетекші әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін Алматы мен Астанаға бағытталған 3 рейс тоқтатылған. Алматы әуежайында Бейжін, Дубай, Ақтөбе, Шымкентке ұшатын әуе кемелері кешігіп жатқан көрінеді. Астана халықаралық әуежайында Орал, Өскемен, Омск, Санкт-Петербург бағытындағы рейстер кідірген. Компания өкілдері хабарлағандай, ертең елордадан  Қостанай мен Шымкентке жоспарланған рейстер кешікпек.