Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада инвестициялық форум басталды

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2016
  • 1855

Қызылордада "Байқоңыр-Инвест" форуымы басталды. Оған басқа өңірлерден 140 мейман мен шет мемлекеттерден 12 өкіл келді. Екі күнге созылатын шара барысында келушілерге 26 жоба таныстырылмақ. Жиналғандарды қандай жобалар қызықтыратынын Шарипа Сақтапова біліп қайтты.

Форумның алғашқы пленарлық отырысында сөз алған аймақ басшысы Қырымбек Көшірбаев осыған дейін өткізілген алты форумның нәтижесін таныстырды. 70-тен астам меморандумға қол қойылып, ауқымды ферроқорытпа, шыны, машина жасау, цемент зауыттарын салу сияқты жобаларға инвестициялар тартылған.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

Соңғы үш жылда осы инвестициялық форумдардың арқасында облыстың экономикасына тікелей 103 миллиард теңге инвестиция құйылды. Қазіргі кезде халықаралық институттармен Даму банкілерімен келісілген және мемлекеттік жеке әріптестіктің арқасында 31 жоба іске асуда 333 миллиард тенгенің көлемінде.

Ал бұл жолы жиналғандардың назарына облыстың дамуы үшін маңызды деген 26 ірі жоба ұсынылмақшы. Соның ішінде Сырдарияның сол жағалауына қызығушылық танытқандар аз болмады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында бірігіп жұмыс істеуге ниеттілер де бар.

Иван Шкарбан, Ресейдің "Ғаламдық қауіпсіздік" ЖАҚ бас директоры:

Бірінші кезекте бізді құрылыс саласы қызықтырады. Сіздерде үлкен келешігі бар құрылыс жоспарланып отыр. Ол Сырдария өзенінің сол жағалауында бой көтеретін зәулім ғимараттар, одан бөлек, жағалаудағы бекіністері нығайту жұмыстары.

Джон Сын Мин, Оңтүстік Кореяның Алматы қаласындағы бас консулы:

Облыс әкімімен кездесіп, Корея республикасы мен Қызылорда облысы арасындағы ынтымақтастық жөнінде және ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар саласында бірігіп жұмыс жасау туралы сөйлеспекпіз.

Пленарлық мәжілісте Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірегей туындысы таныстырылды. Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасы инвесторлар үшін анықтамалық ретінде ұсынылды. 

Төлеміс Шотанов, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

Интернет портал арқылы, кез келген инвестор, мысалы, Гонконг, Индонезия немесе АҚШ-та тұрып, осы сайтқа кіріп, керекті ақпаратын өзіне ыңғайлы тілде таба алады. Карта қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде әзірленген.

Аймақтың жетінші инвестициялық форумы өз жұмысын енді бастады. Дегенмен пленарлық мәжілістің қорытындысымен бірнеше өзара меморандумға қол қойылды. Ертең форумға қатысушылар туристік кластердің басты нысандары - Қорқыт-Ата кесенесі, Байқоныр ғарыш айлағы мен Қамбаш көлін араламақ.

Шарипа САҚТАПОВА