Биыл Қазақстан 15-17 миллион тонна шамасында астық жинайды. Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов осылай деп мәлімдеді. Аталмыш көрсеткіш елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етуге жеткілікті, - дейді ведомство басшысы. Экспортқа, ұнмен қоса есептегенде, 7,6 млн тонна астық жөнелтілмек.
Асқар Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Бүгінгі таңда сенімді түрде болжам жасай аламыз. Өйткені, біріншіден, 10-15 жыл бұрын бұл салаға мемлекет тарапынан қолдау айтарлықтай үлкен болған жоқ. Қазіргі жағдай өзгеше. Сондықтан аста-төк болмаса да, ішкі сұранысқа қажетті астық жинаймыз деп нық айта аламын. Ол жылдағы дәліз бойынша 15-17 миллион танна көлемінде болмақ.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА