Бүгін «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында қала тұрғындарының 10-нан астам мәселесі шешілді. Онда денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыруға жауапты мемлекеттік қызметкерлер азаматтарды қабылдаған болатын. Қала тұрғындары ем-дом мәселелері, мүгедектік тағайындау және әлеуметтік жағдайлары бойынша көмек сұрап келген.
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына алдын-ала жазылған барлық азаматтың мәселелері жеке-жеке қаралды. Жауапты ведомстволарға тапсырмалар жүктеліп, оның орындалу барысын партия өкілдері қадағалайтын болды. Әлия Айтқазина жасы сексенге келген әкесі, тыл ардагерін Астанада емдеткісі келеді. Ал Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында ардагерге тиісті ем жасалмай отыр, дейді.
Ем-шараға ол жақта мүлдем мүмкіншілік жоқ. Енді қарап отырып, ол кісіні қиналтым қоямыз ба? Осында әкеліп госпитальге немесе ардагер ауруханасына жатқызайық десек, квота қалай болатынын біле алмай, «Нұр Отанға» келдік.
Сырқатынан жүріп-тұруы қиындаған ардагерге дәрігерлер өздері барып, тиісті сараптамаларды жасайтын болды. Одан кейін ардагердің Астана қаласы немесе Ақмола облысында тіркеуге тұруына байланысты жергілікті ауруханалардан ем қабылдайды.
Әлия Айтқазина, Қоянды ауылының тұрғыны:
Жағдайдың нәтижесі оң шешімін берді. Ендігі таңда денсаулық сақтау департаменттері арқылы құжаттарын дайындап, нақты, жақсы ем шараларын қабылдауды ұсынды.