Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 5 айдың ішінде ішімдік ішкен 600-ден астам жүргізуші жауапқа тартылған

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2016
  • 1708

Астанада мас күйінде көлік жүргізген азаматтардың қатары азаймай тұр. Тек 5 айдың ішінде ішімдік ішкен жеті жүзге жуық жүргізуші жауапқа тартылған. Десек те, елордадағы мамандандырылған ауданаралық сотқа мас күйінде көлікті тізгіндеу дерегі бойынша мыңнан астам іс келіп түскен. Оның ішінде 765-сі бойынша қаулы шығарылған. Бірақ оның тек жеті жүздейі көлік жүргізу куәлігінен айрылды. Төртеуі айыппұл төлесе, 72 азамат қамауға алынған. Судьялардың берген ақпараты бойынша, өткен жылы 19 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы болып, 26 мыңнан астам адам зардап шеккен екен.

Уәлихан Рахматуллаев, Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы:

Ішімдік ішіп, көлік жүргізген жүргізушілерге қатысты сотқа  1 мың 71 іс түсті. Бұл бап бойынша жыл сайын жазаның түрі қатаңдатылып келеді. Айыпты деп танылған азаматтарды куәліктен айырып қана қоймай, 20-дан 45-ке тәулікке дейін қамауға алу қарастырылып жатыр.

Берік ХАСЕНОВ