Бұл уақытта Тереза Мэй Ресейге тағы да қыр көрсетті. Наурызда Сергей мен Юлия Скрипальға қастандық жасаған қос азамат Ресейдің барлау басқармасының қызметкерлері. Британ премьер-министрі Қауымдар палатасының жиынында осылай деді. Осы ретте Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтпек. Ал "Скотленд-Ярд" басылымы Скрипаль ісіне қатысы бар күдіктілердің фотосуреттерін жариялады. Ол екі ер азамат: Александр Петров пен Руслан Баширов екені айтылған. Осылайша, Британ үкіметі қастандыққа Ресейдің тікелей қатысы барын ресми түрде мәлімдеді.
Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі:
Біз қылмыскерлерді ұстауға және оларды экстрадициялауға әрі оларды Ұлыбритания сотының алдына келтіру бойынша барымызды саламыз. Біз сондай-ақ киберқауіпсіздік пен адам құқықтарын өрескел бұзуға барған Ресейге қарсы Еуроодақтан жаңа санкциялар режимін қабылдауды талап етеміз.