"ҚазМұнайГаз" тұмса табиғат аясындағы сауықтыру орталығын саудаға шығарды. Компания Зеренді жағасында жайғасқан үш қабатты кешенді 3 млрд 300 млн теңгеге бағалаған. Ақпарат Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарыққа шықты. Демек, нысан жекешелендіру тізіміне іліккен.
Фитнес, бассейн залы, басқа да жайлы жағдай жасалған "хан сарайындай" орталықта бұрын-соңды мұнайшылар тынықса керек. Демалыс орнын 3 миллиардқа алатындар табылмаса, бағасы бірнеше есеге түсуі ықтимал.