Ирак мұнай экспортын тәулігіне 5 миллион баррельге дейін ұлғайтпақ

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2016

Ирак мұнай экспортын тәулігіне 5 миллион баррельге дейін ұлғайтпақ. Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлады. Бұған дейінгі жоспар тәулігіне 3,47 миллион баррель болатын. Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирактың SOMO мұнай компаниясы маусым айында тәулігіне 5 миллион баррель көлемінде қара алтын қорын сақтап, жөнелтпек. Тапсырыс берушілер арасында қытайлық PetroChina, итальяндық Eni, сондай-ақ ресейлік Лукойл бар.

Мұны сарапшылар жақсылыққа балап отырған жоқ. Бұл қара алтын нарығын баяулатады деген пікірде. Енді ОПЕК-тің мұнай көлемін "ұстап тұру" бойынша келісімі мүлде іске аспай қалады деген болжам бар. Ал ОПЕК-тің келесі жиыны маусымның 2-сіне жоспарланған.

Айта кетейік, ұйымға мүше елдер ішінде Ирак мұнай өндірісі бойынша 2-ші орында. Бұған дейін Ирактың мұнай экспортын арттыру жоспары барын Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт пен Иран да мәлімдеген еді.