Қостанайда «Ортеке» ІV халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі өтті. 3 күнге жалғасқан байқауда жерлестерімізден бөлек Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Молдова елінің әртістері де өнер көрсетті. Қойылымдар қазақ және орыс драма театры мен қуыршақ театрының сахнасында көрсетілді.
Қостанайлық көрерменге барлығы 7 спектакль ұсынылды. Байқауда Солтүстік Қазақстан облысының өнер ұжымы үздік деп танылып, 500 мың теңге ақшалай сыйлықпен мараптатталды. Көпшілік көрерменнің көңілінен шыққан Астана қуыршақ театрының «Атамекен» қойылымы да, Қостанай төрінде жүлдеге кенелді.
Құралай Ешмұратова, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, «Астана» қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі:
Бұл фестиваль тек қана біздің театрға емес, бүкіл елімізге пайдасы бар деп ойлаймын. Неге десеңіздер? Біздің елімізге 5 мемлекеттен әртістер келіп жатыр. Олар өздерінің өнерін көрсетеді. Біз үшін бір жағынан сабақ та, бір жағынан өзіміз де өнерімізді көрсетеміз. Олар да бізден көп нәрсені үйренеді, біз де.