Кеңес Одағының бірінші әрі соңғы президенті Михаил Горбачев 1980 жылдары өткізілген алкоголге қарсы науқанды қателік деп атады. Бұл туралы ол «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, Мәскеудегі дүкендердің жабылуы, ұзын-сонар кезектердің пайда болуы, әрі елде самогон қайнату ісінің кең қанат жаюуы - шектен шыққандық. Бұрынғы Совет лидерінің пікірінше, алкоголге қарсы компания атүсті жүргізілмей, кезеңімен жүзеге асырылу тиіс еді. Алайда Горбачев науқанды өзінен бұрын Кеңес үкіметінің бас хатшы Леонид Брежнев ойлап тапқанын айтады. «Ол кезде елді маскүнемдік жайлады. Күресетін басқа шара қалмады. Антиалкогольдік компания арқасында өлім-жітім азайды, өндірістердегі және жолдардағы оқыс оқиғалар саны кеміді» - дейді Одақтың бұрынғы лидері. Еске салайық, 1985 жылдың 7 мамырында Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының Орталық комитеті алкоголге қарсы компания туралы қаулы қабылдаған болатын. Спирттік ішімдіктер жұмыс күндері күндізгі 14-тен 16 сағатқа дейін ғана сатылған.
Жұрағат БАМАН