Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте бала сату ісіне қатысты сот басталды

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2016
  • 1793

Шымкентте бүгін бала сату ісіне қатысты атышулы сот отырысы басталды. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қарап жатқан қылмыстық іс жабық жағдайда өтіп жатыр. Осыны негізге алған сот, тілшілерге қандай да  бір ақпарат беруден бас тартты.

Еске салайық, облыстық перинаталдық орталықтың екі бірдей дәрігері өткен жылдың маусымында "сәби саудасына қатысы бар" деген күдікпен қамауға алынған-ды. Бұған дейін құзырлы органдар таратқан дерекке сай, ұйымдасқандар 2012-2013 жылдар аралығында оннан астам нәрестенің өмірін саудаға салған. Прокурорлар сол кезде тірі тауарға айналған нәрестелер перзентханада ғана сатылмағанын айтқан болатын. Бала алушыларды көршілес Тараз бен Қызылорда облыстарынан да тауып отырғаны белгілі болды.

Айта кетейік, сәби сату дерегі аталған перзентханада алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. 2013 жылы №1 перинаталдық орталықтың екі бірдей медбикесі 8 жылға бас бостандықтарынан айырылған болатын.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ