Доллардың қымбаттауы ұшақ билетінің бағасына әсер етпейді. «Air Astana» ішкі рейстердің билет құнын көтермейтін болды. Бұл туралы журналистер сұрағына жауап берген «Air Astana» компаниясының корпоративтік коммуникациялар бойынша вице-президенті Белла Тормышева мәлім етті. Ал халықаралық рейс билеттерінің бағасы тамыз айында ғана 25 пайызға қымбаттаған болатын. Ал ішкі рейстердің ақысын көтеру жоспарда жоқ, - деді компания өкілі.
Белла Тормышева, «AIR ASTANA» компаниясының корпоративтік коммуникациялар бойынша вице-президенті:
Біздің барлық бағаларымыз валютаға байланған. Сондықтан халықаралық рейстерге бағаны көтердік. Ал ішкі рейстердің билет құны өзгеріссіз қалады.
Берік ХАСЕНОВ