Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда «Нұр Отан» - балаларға!» атты қайырымдылық акциясы өтті

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2016
  • 4243

Таразда «Нұр Отан» - балаларға!» атты қайырымдылық акциясы өтті. Бас партияның бастамасымен өткен шара Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған. 

Акция аясында 400-ден астам балақайға түрлі тартулар ұсынылды. Концерттік бағдарлама қойылып, жамбылдық жас таланттар өз өнерлерін паш етті. Сондай-ақ, қаладағы бірнеше балалар үйінің тәрбиленушілері 30-ға жуық ұлттың ән мен биін орындауда барын салды. Олардың арасында ата-ана қамқорынсыз қалған, толық емес және көп балалы отбасы балалары бар.

Айсұлу Тұрымбек, Тараз қаласы «Болашақ» арнайы мектеп интернатының тәрбиеленушісі:

Бүгінгі көңіл-күйім өте керемет! Маған өте қатты ұнады және де мен бірінші Жамбыл облыстық «Нұр Отан» партиясының филиалына рахмет айтқым келеді. Бүгінгі балақайлар - болашағымыздың ертеңі, өмірдің мәні. Бүгінгі балақайларға арнап концерт бергенімізге өте қуаныштымын, өте қатты ризамын. 

Партияның Жамбыл облыстық филиалы өкілдері бүлдіршіндерге арнап патриоттық рухтағы бейнероликтер көрсетті. Сондай-ақ, шара барысында бүлдіршіндерге «Бақытты балалық шақ» жобасының бас белгісімен безендірілген тәтті торт үлестірілді. Балалардың өз қолдарымен жасаған бұйымдарынан кішігірім көрме де ұйымдастырылыпты.

Айнұр Келімбетова, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі:

«Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» жобасы 30 мамырдан бастап 5-ші маусым аралығында   «Нұр Отан - балаларға» республикалық акциясы аясында түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.  Көп балалы, жетім балалар оларға көп көмек көрсетіп, үйлеріне азық-түлік пакеттері болсын, киім-кешектері болсын, қай жағынан жағдайы төмен боп тұр, сол жағынан біздің партия қызметкерлері көмектерін көрсетіп жатыр. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ