Русский Сайттың толық нұсқасы

Болат өндіруші магнат Лондондағы ғимараттың 8-ші қабатынан құлап кетті

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2015
  • 1241

Әлемге әйгілі болат магнаты Ангад Пол Лондондағы ғимараттың 8-ші қабатынан құлап кетті. The Evening Standard басылымының жазуынша, полицейлер  «бақытсыз жағдай» немесе «өз өзіне қол салу» деген екі болжамды қарастырып отыр.

Caparo Industries кәсіпорнының басшысы мұндай қадамға қаржылық қиындықтарға орай баруы мүмкін деген болжам бар. Өйткені алып корпорация дағдарысқа төтеп бере алмай, өзгелердің басқаруына өткен. Салдарынан Ұлыбритания, Еуропа елдері мен АҚШ және Үндістандағы кәсіпорындарда жаппай қысқарту белең алды. Айта кетейік, Ангад Пол - лордтар Палатасының пэрі, британдық 50 ауқатты адамның бірі Сврадж Полдың кіші ұлы.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА