Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтаудағы балалар ауылының тәрбиеленушілері Бурабай лагеріндегі жайтқа қатысты түсінік берді

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2015
  • 1944

Ал Ақтаудағы балалар ауылының тəрбиеленушілері мен ұжымы мұның барлығын жоққа шығарып отыр. Кикілжің лагердегі тәрбиешілердің балалар үйінің жеткіншектерін жақтырмауынан туындады деген ойда.  Әрқайсысының өз айтар уәжі бар. Олар орманға рұқсатсыз барған себебін былайша түсіндірді. Алғашқы күндері лагерь аумағын білген жоқпыз, сондықтан орманға шығып кетіппіз, деп отыр. Ал саппен жүргіміз келмеген себебі - күн ыстық болды. Сондықтан саппен жүруге қарсы болдық, деп түсіндірді. Лагерьдегі жиһаздар мен терезелер онсыз да сынық болған дейді.

Дегенмен, тəрбиеленушілердің топ жетекшісіне қол көтергендерін растап отыр. Бірақ ондай əрекетке балалар үйінен келген жеткіншекті қорғау үшін барғандарын айтады. Алайда, ол баланың кім екені әзір белгісіз. Балалар мен тәрбиеленушілер осы жағдайдан кейін, таң атысына қарамастан, өздерін далаға қуып шыққан лагерь ұжымына наразы.

Нұрлан Құлжанов, Маңғыстау облысындағы балалар ауылының тəрбиеленушісі:

Бізге ескертусіз түнгі сағат 3-те лагерьден кетесіз деп келіп, киімдерімізді, барлығын лақтыра бастады. Светті өшіріп, су болмайды, тамақ болмайды сендерге деп айқайлап, біз кешірім сұрадық, олардың өзінің вожатыйлары жұмыстан шыққан соң, сол үшін жынданды.

Маңғыстау облыстық балалар ауылының директоры, лагерь қызметшілерінің заңсыз əркетін айтып, Щучинск қалалық прокуратурасына шағымданған. Енді лагерь балаларға көрсеткен қызметі үшін жалақысынан қағылуы мүмкін.

Айжан ҚУАШ