«АҚШ Сирияда бір жылда тындыра алмаған шаруаны Ресей бір аптада шешеді». Неміс басылымдарының бірі осылай деп жазды. Мақалада Ресей әскерилерінің ДАИШ-тың 50-ден астам маңызды нысандарын жарып жібергені айтылған.
АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалицияны Сирия президенті Башар Асад та сынға алды. Иранның Khabar TV арнасына берген сұхбатында ол біріккен әскери күштердің жұмысы нәтижесіз екенін айтады. Сирия, Иран мен Ирактың қолдауымен құрылған Ресейдің әскери кампаниясы жеңіске жетуі тиіс, әйтпесе аймақ біржола құриды, деді ол. Асад дағдарыстан шығу үшін, қажет болса, биліктен кетуге де дайын екенін мәлімдеді.
Башар Асад, Сирия президенті:
Мен тағы қайталаймын, егер менің кетуімнен мәселе шешімін тапса, бұған дайынман. Әрине, ондай шешімді халық қабылдауы тиіс. Оппозициядағылар мұны дұрыс деп тапса, неге Сирия халқын көндіре алмай отыр. Сонда халық сайлау арқылы кімнің президент болатынын шешер еді.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ