Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 2016 жылы бірегей зертхана пайдалануға беріледі

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2015
  • 1209

Алматыда 2016 жылы бірегей референц-зертхана пайдалануға беріледі. Орта Азияда теңдесі жоқ жобаны АҚШ қаржыландырып отыр. Құрылысқа 150 миллион доллар бөлінген.

Зертхана ең күрделі инфекциялық ауру түрлерін анықтап, оның сыртқа тарап кетпеуіне мүмкіндік береді. Батыс елдерінен жеткізілетін заманауи қондырғылар арқылы жедел әрекет етуге жағдай жасалады. Зертханаға тапсырыс берген тұтынушылар құқығын қорғау комитеті стратегиялық нысанның ешқандай қаупі жоқтығын айтады. Америка тәжірибесінде мұндай эпидемиологиялық зертханалар, әскери базаларды айтпағанда, әрбір ғимараттарда орналасқан, - дейді мамандар. Зертхананың құрылысы аяқталса, ол жерде Қырғызстан, Өзбекстан және Орта Азияның өзге елдерінен мамандар келіп, зерттеу жүргізуге мүмкіндік алмақ.