Оңтүстік Суданда ұшақ апаты тіркелді

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2015

Тағы бір ұшақ апаты Оңтүстік Суданда тіркелді. "Әуе кемесінің бортында ресейлік экипаж болған", - деп хабарлайды Интерфакс. АН-12 ұшағы Джуба әуежайына жақын маңда құлаған. Куәгерлер ұшақ көкке көтерілген соң бірден жерге қонуға тырысқанын айтады. Әуе кемесінің қалдықтары әуежайдан бір шақырым жерде Ақ Ніл өзенінің бойында табылды.

Ақпарат құралдары 5 экипаж мүшесінің бәрі ресейліктер екенін жазуда. Зардап шеккендер жайлы ақпарат нақты емес. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА