Қорғаныс министрлігі басшылығы мен Сенаттың бір топ депутаты Астанадағы нөмірі 68\665 Аэроұтқыр топ сарбаздарының дайындығын көріп қайтты.
Іс-шара барысында әскердің техникалық жабдықталуы мен жеке құрамның әзірлігі көрсетілді. Олар шартты түрде қарулы топ басып алған елді мекенді азат етіп, атыс алаңындағы сарбаздардың мергендігін тексерді. Сенаторлар қатарында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері бар. Маусымда қабылданған «Бітімгершілік қызмет туралы заңға» бастан-аяқ жетекшілік еткен сенатор, армия генералы Мұхтар Алтынбаев қазақстандық жасақтардың Тәжікстан мен Ирактағы бітімгершілік миссиялары сәтті өткенін айтады.
Мұхтар Алтынбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Қазіргі қатысып жатқанымыз Африкада, Кот-дИвуар. Сол жерде қатысып жатыр офицерлеріміз. Қауіпсіз деп айтуға болмайды, олар енді жаңа заң бойынша өзінің әлеуметтік жағы, қатысу жағы түгел заңда жазылған.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ