Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық банк валюта нарығына қатысуды азайтады

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2015
  • 1447

Ұлттық банк валюта нарығына қатысуды азайтады. Бұл жөнінде бас банк таратқан баспасөз мәлімдемесінде айтылған. Ресми мәлімдемеде "Ұлттық қордағы алтын валюта активтерін сақтап қалу мақсатында Ұлттық Банк 2015 жылдың 5 қарашасынан бастап валюта нарығына қатысуды азайтуға шешім қабылдады" делінген.

Теңге еркін айналымға жіберілген тамыз айынан бері төл валюта бірнеше рет "антирекорд" орнатқаны белгілі. 16 қыркүйекте доллар бағамы 301 теңгеге шарықтап кеткені де елдің есінде. Сол кезде  Ұлттық банк ішкі нарықтағы жағдайды қалыпқа келтіру мақсатында валюталық интервенция жүргізуді бастаған еді. 

Базргүл ОТЫНШИЕВА