Елімізде белсенділігі төмен 5571 үкіметтік емес ұйым бар. «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебі мен Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті бірлесе өткізген зерттеу осыны көрсетті.
Аталған зерттеу «үкіметтік емес ұйымдардың» мемлекетпен байланысын айқындауға бағытталған. Жобаға бас-аяғы 27 мыңдай қоғамдық ұйым қатысты. Алайда олардың тек тең жартысы салық төлеп, мемлекеттік органдармен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. Ал еліміздің жалпы ішкі өніміне үлес қосып отырған белсенді ұйымдар саны 7 мыңға жуық.
Таңшолпан Жауынбай, «Нұр Отан» партиясы саяси менеджмент мектебі талдау және үйлестіру бөлімі сарапшысы:
Зерттеудің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың бүгінгі жай-күйі мен оның даму перспективасын анықтау болып табылады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА