Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Сапар барысында 5 миллиард доллардан асатын келісімшарттарға қол қойылады деп жоспарланған.
Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Францияның 24 компаниясы елімізде құны 2 миллиард долларды құрайтын жобаны жүзеге асыруда. Болашақта тағы 10 жоба жүзеге асуы ықтимал. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Франция президенті Франсуа Олландпен кездесуі жоспарланған.
Берік ХАСЕНОВ