Русский Сайттың толық нұсқасы

Путин үшінші жыл қатарынан «әлемдегі ең ықпалды адам» деп танылды

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2015
  • 1078

Forbes журналы Ресей басшысы Владимир Путинді  үшінші рет қатарынан әлемнің ең ықпалды адамы деп таныды. Басылым редакторлары оның ДАИШ-ке қарсы күресін ескерсе керек. Путиннің беделі әлемде ғана емес, Ресейдің өз ішінде де жоғары екенін жазады. Мәселен, маусымда оның билік басында қалуын жергілікті халықтың 89 пайызы қолдаған.

Атақтылар тізіміндегі екінші орынға өткен жылы бесінші орынды місе тұтқан Германия Канцлері Ангела Меркель жайғасты. Барак Обама 2014 жылғы екінші орнынан бір сатыға төмен ығысып, үшінші орынды иеленді. Саясаткерлердің әлемдік рейтінгінде ұзын саны 79 адам бар. Журнал аталмыш тізімді 2009 жылдан бері редакторлар арасында дауысқа салу арқылы жаңартып келеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ