Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет жедел түрде алдағы үш жылға арналған бюджетті қарауға кірісті

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2015
  • 962

Үкімет жедел түрде алдағы үш жылға арналған бюджетті қарауға кірісті. Бұл үшін министрлер кабинетінің экономикалық блогы демалыс күндері де жұмыс істеуге әзір. Валюта бағамы құбылып, инфляцияның өсімі күтілуде. Осыған орай бюджетті қарау асқан ыждахаттылықты қажет етеді,- деді мәжілісте сөз алған қаржы вице-министрі Лена Кармазина. Уақыттың тығыз екеніне қарамастан, шенеуніктер әрбір тиынды қатаң есептейтін болады.

Ал бүгін KASE-дегі кешкі сауда-саттықтан кейін АҚШ валютасы рекордты бағам орнатып, бір доллар 311 теңгеге жақындады. Осылайша, америка валютасы бар жоғы бір тәулік ішінде 12 теңгеге қымбаттап шыға келді.

Еске салайық, қыркүйектің орта шенінде бір доллар бағамы 275 теңге көлемінде есептеліп бекітілген еді. Бүгін белгілі болғандай, бұл мөлшер енді 300-ге шақталып қайта қаралады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ