Қарағандыда әлеуметтік нанның бағасы қымбаттады. Ол дүкендерде 55-58 теңгеден сатылуда. Бір ай бұрын ғана қала әкімдігінің мамандары бағаның жаңа жылға дейін қымбаттамайтынын алға тартқан еді.
Ауыл шаруашылығы бөлімінде өткен брифингте белгілі болғандай, ұн тарту кәсіпорындары мемлекеттен субсидия алып келген. Тек қолдау қаржының мөлшері уақыт өткен сайын азайып барады, - дейді олар. Нанды бұрынғы бағамен сату тиімсіз болғанға ұқсайды. Кәсіпкерлер қалай болғанда да пайда табуға дағдыланған. Ал қарағандылық шенеуніктер нан бағасын көтеру туралы кәсіпорындардың өтінішін қарау үстінде. Тек нан өндірушілердің әкімдіктің жауабын күтуге шыдамы жетпеген тәрізді.
Ырысалы Сартбаев, Қарағанды қалалық ауыл шаруашылық бөлімі бастығы:
Әр тоқсан сайын нан бағасы қосылып келе жатыр. Оның үстіне субсидия төмендеген сайын, шығыны көбейіп келе жатыр, наубайханалардың. Ұн 55 теңгеден босатылып жатыр. Сондықтан нан бағасы дүкендерге 50 теңгеден жеткізілсе, дүкендер 52 теңгеге сатуы тиіс.
Соған қарамастан, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына демеуқаржы бөлінетін болады.
Айжан ҚУАШ