Демалыс күндері елдің басым бөлігінде күн суытады. Солтүстікте ауа температурасы -18 градусқа төмендейді. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлайды.
Синоптиктердің сөзінше, солтүстік-батыс циклон әсерінен қатты жел тұрып, дауыл болуы мүмкін. Ауа температурасы түнгі уақытта 0-ден минус сегізге дейін, кей жерлерде минус 13 градус, ал солтүстікте минус 18-ге дейін төмендейді. Күндіз сынап бағанасы оңтүстік облыстардан басқа аймақтарда минус 7 - минус 12 градусты көрсетуі мүмкін. Демалыс күндері Алматыда ауа райы 10-12 градус жылы болады, Астанада қар жауып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, қарлы бұрқасын болады деп күтілуде.
Жұрағат БАМАН