Русский Сайттың толық нұсқасы

Жарияланбаған аударма

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2015
  • 1691

«Абай.кз» порталында Қарлығаш Әубәкірова есімді замандастың алғысөзімен Жүсіпбек Аймауытовтың бұрын жарияланбаған «Тұқым» атты аудармасы басылды. Америка жазушысы Конрад Берковичтен тәржімалаған шығарманы оқи отырып, Қарлығаш жазбақшы,  «...сол кездегі қазақ зиялыларының білімінің тереңдігіне, ойының ұшқырлығына, тілінің көркемдігіне, талғамының кірпияздығына таң қаласың». Аударма «Жаңа мектеп» журналының 1926-27 жылдарғы сандарында  жарыққа шыққан екен. Алайда, осы уақытқа дейін әдеби айналымға түспеген. «...балаларымыз да бүрісіп, құнысып бұрынғы билеуінен, жүгірісінен, жүрісінен айрылып қалды. Қозғалмаған қол бостық пен еріншектіктің арты ауруға соқпақ қой.  Енді біз кедейдің кедейі болдық...» Тұнып тұрған параллельдер. Ғибрат.