Қарағандыда әлеуметтік нан бағасы 2 теңгеге қымбаттап, 49 теңгеден сатылмақ. Нан өндірушілердің өтінішіне сай, аймақ басшылығы осындай шешім қабылдады. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады.
Нан бағасының өсуі бидайдың қымбаттауына байланысты көрінеді. Жыл басында министрлік бидайға субсидия бөлгендіктен, астықтың тоннасы 42 мың теңге тұратын. Жуырда оның көлемі азайып, баға 43 мың теңгеге көтерілді. Осының салдарынан ұн қымбаттаған.
Сағынжан Апақашов, Қарағанды облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:
Әлеуметтік бірінші сұрыпты нан сауда нүктелеріне 47 теңгемен босатылып, 49 теңгеге сатылатын болады.
Айжан ҚУАШ