Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі - халық таңдауының жемісі. Америкалық сарапшылардың пікірі осындай. Олар сайлауда айқын басымдыққа ие болған Қазақстан басшысын сүбелі жеңісімен құттықтады. АҚШ-тың Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасы Фредерик Старр Қазақстан жұрты  Назарбаевқа дауыс бере отырып, елдегі тұрақтылық пен өркендеу үшін таңдау жасады,- деп санайды. 
 
Фредерик Старр, АҚШ-тағы Орталық Азия-Кавказ институтының төрағасы: 
 
Нұрсұлтан Назарбаевты айқын жеңісімен құттықтаймын. Сөз жоқ ол - ұлттың тірегіне айналған тұлға. Біз әрқашан Қазақстан мен оның басшысына оң көзқарастамыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі Қазақстан үшін ең алдымен аймақта және жалпы әлемде қалыптасқан түрлі қауіп-қатерлерден аман шығуға көмегін тигізеді деп есептейміз. 
 
Михаил Дмитриев «Жаңа экономикалық өрлеу» ұйымының президенті: 
 
  Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаудағы жеңісі үшін үлкен құттықтауымды жеткізгім келеді. Президент  кезекті рет халық сеніміне ие болды. Мен оған Қазақстанның алдағы даму бағытында табысты еңбек жолын тілеймін. 
 
Базаргүл ОТЫНШИЕВА