Франция әскери бюджетін арттырып жатыр. Бұл туралы ел президенті Франсуа Олланд мәлімдеді. Оның айтуынша, қаржы әсіре исламшыл жасақтармен күреске жұмсалады. 2016 жылдан бастап төрт жыл бойы Франция әскерінің бюджеті 3,8 млрд еуроға өспек. Президент бұл ақшаның Француз әскері арнайы операция өткізіп жатқан жерлерде қауіпсіздікті сақтау үшін қажет екенін айтты.
Олландтың сөзінше, 2015 жылға бөлінген қорғаныс бюджеті 31,4 млрд еуроны құрайды. Және ол өзгеріссіз қалады. Ал қосымша 4 млрдқа жуық қаржы әскерге 2016-19 жылдар аралығында кезең-кезеңімен бөлінбек. Бірақ аталмыш қаражатты қайдан алатыны туралы ақпаратты президент хабарламады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ