Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі - халық таңдауының жемісі. Америкалық сарапшылардың пікірі осындай. Олар сайлауда айқын басымдыққа ие болған Қазақстан басшысын сүбелі жеңісімен құттықтады. АҚШ-тың Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасы Фредерик Старр Қазақстан жұрты Назарбаевқа дауыс бере отырып, елдегі тұрақтылық пен өркендеу үшін таңдау жасады,- деп санайды.
Фредерик Старр, АҚШ Орталық Азия-Кавказ институтының төрағасы:
Нұрсұлтан Назарбаевты айқын жеңісімен құттықтаймын. Сөз жоқ ол - ұлттың тірегіне айналған тұлға. Біз әрқашан Қазақстан мен оның басшысына оң көзқарастамыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі Қазақстан үшін ең алдымен аймақта және жалпы әлемде қалыптасқан түрлі қауіп-қатерлерден аман шығуға көмегін тигізеді деп есептейміз.
Михаил Дмитриев «Жаңа экономикалық өрлеу» ұйымының президенті:
Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаудағы жеңісі үшін үлкен құттықтауымды жеткізгім келеді. Президент кезекті рет халық сеніміне ие болды. Мен оған Қазақстанның алдағы даму бағытында табысты еңбек жолын тілеймін.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА