Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық жетім балалар Германияда «Барселона» клубының ойыншыларымен кездеседі

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2015
  • 1155

Жастарды футболға тартудың ерекше әдісі ойлап табылды. Алматыда жетім балалар арасында футбол турнирі өтіп жатыр. Елімізде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерден құралған командалар іріктеу сайсынан жеңіп шықса, Германиядағы стадиондардың бірінде әйгілі «Барселона» клубының спортшыларымен жүздесуге жолдама алмақ. Одан бұрын балалар үйінің тәрбиеленушілері маусымда Алматыда финалдық ойындарға қайта жиналады. 

Биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылған чемпионатқа «Бауыржан» қайырымдылық қоры мен «Нұр Отан» партиясы демеушілік жасап отыр. «Арманыңа жақында деген» атпен басталған жоба мақсаты - отандық футболдың дамуы мен жетім балалардың спортқа деген қызғушылығын арттыру.  

Жұлдыз Омарбекова, «Бауыржан» қайырымдылық қорының жетекшісі:

Әрине, ұл балардың қай-қайсысы болмасын футбол дегенде, ішер асын жерге қояды. Ал бұл жолы жетімдер үйіндегі қыздар да осындай турнирге барғылары келетінін білдірді. Олар ылғи ұлдарды шығарып салып, өздері қол бұлғап қалады. Сондықтан алдағы жылы біз қыздар арасында да осындай қызықты спорт жарысын өткізіп, жеңімпаздарды шетелге жібереміз. Олар волейболдан сайысқа түсетін болады. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ