Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ислам мемлекеті» өз командирлеріне арнап Иракта бес жұлдызды қонақ үй ашты

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2015
  • 1148

«Ислам мемлекеті» өз командирлеріне арнап Иракта бес жұлдызды отель ашты. Қонақ үй елдің солтүстігіндегі Мосул қаласында орналасқан. Исламшылдар бұған дейін жұмыс істемей тұрған Ninawa International Hotel-ді өздеріне лайықтап қайта ашқан. Ирактың PressTV арнасы хабарлағандай, содырларға арнап теннис алаңы, бассейн, Тигр өзеніне қарайтын құрма бағы, мәрмәр еден төселген күту залдары жасақталған.

Ал АҚШ билігі
«Ислам мемлекетінің» 4 мүшесі туралы қандай да бір ақпарат бергендерге қомақты қаржылай сыйақы тағайындауға әзір. Мемлекеттік департамент сыйақыны 20 млн долларға бағалап отыр. Бұл туралы хабарлама Құрама Штаттар Сыртқы саясат мекемесінің сайтында жарияланған.

Мөлдір ДЮСЕКИНА