Русский Сайттың толық нұсқасы

Америка әскерилері «Прогресс» кемесі құлайтын уақыт пен орынды болжады

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2015
  • 1458

Америка әскерилері «Прогресс» ғарыш аппараты құлайтын уақыт пен орынды болжады. «Прогресс М27-М» жүк кемесі шамамен 8-ші мамырда орбитасынан таяды. Бұл туралы «Вести.ру» АҚШ-тың стратегиялық басқармасының біріккен ғарыш операциялары орталығына сілтеме жасап хабарлады. Мекеме ақпараты бойынша, «Прогресс» кемесі жерді 167-ші рет айналған соң, 8-ші мамырда Мәскеу уақытымен сағат 16:30-да, жойылуы тиіс. Кеме қалдықтары Тынық мұхиттың құрама штаттарға қарасты жағалауына жақын түсуі мүмкін. Ал Интерфакс агенттігі «РосКосмостың» болжамын жариялады. Ресейлік мамандардың болжамынша, «Прогресс» шамамен, мамырдың бесі-жетісі аралығында орбитадан таяды. Бірақ Ресей тарапы жүк кемесінің нақты құлайтын аумағын 1-2 тәулік қалғанда ғана болжай алатындарын айтқан. 28-ші сәуірде халықаралық ғарыш станциясына Байқоңырдан аттанған «Прогресс М-27М» жүк кемесі белгісіз себептермен көзделген орбитасынан тайып, орбиталық станциясына жетпеген болатын. Байланыс орталығы кемені басқаруды жоғалтып алды, қазір ол жерге төмендеп келеді. Түрлі ақпарат көздерінің хабарлауынша, «Прогресттің» босқа ұшырылуынан Ресейге келген шығын 5 миллиард рубльге тең.

Мансұр ЕСХОЖИН