«KLM» әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. «Boeing 777» әуе кемесі Бангкоктан - Амстердамға бағыт алған. Ұшақтың шұғыл қонуына жолаушылардың біріне жедел медициналық көмектің қажеттігі себеп болыпты. Бірақ жағдайдың анық-қанығы әлі белгісіз. Алматы әуежайының сайтында орналасқан ұшу кестесінде, аталған ұшақтың бір сағатқа кешіккені көрсетілген.
Айгүл ӘДЕПБАЙ