Ақтөбе облыстық мұражайы жергілікті ардагерлер туралы ақпараттарды топтастыратын дерекқор ашты. Жеңістің 70-жылдығына орай, ғаламторда арнайы парақша ашып, соғысқа қатысқан жақындары туралы құжаттармен бөлісуді, тұрғындардан сұраған. «Майдангер-жерлестері жайлы тың ақпарат іздеуді мақсат еттік»,- дейді мұражай қызметкерлері. Олар Кеңес үкіметінің құйтыртқы саясатынан жапа шегіп, аты айтылмай қалған батырларды, келешекте естелік кітабына енгізуді ойластырып қойған. Сәуірдің басынан бері 50-ге жуық майдангер-қариялар туралы ақпарат келіп түскен. Бұл шара жылдың соңына дейін жалғасады. Арман Ержанов, Ақтөбе облыстық тарихи- өлкетану мұражайы директорының орынбасары:
Көбіне-көп суреттер сияқты, олардың өмір сүру жөніндегі биографиясын салып жатыр. Одан бөлек мысалы соғыс ардагерлеріне қатысты соғыстан кейін немесе соғыс жылдарындағы ақпараттар, деректі ақпараттар, документтер сияқты материалдар осы пошта жәшігіне салып жатыр.
Мансұр ЕСХОЖИН