Русский Сайттың толық нұсқасы

Әзірбайжан мұнай мен газдың экспортына тәуелділікті төмендетпек

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2015
  • 1462

Әзірбайжан мұнай мен газ экспортына тәуелділікті төмендетуге тырысады. "Бұған әлемдік нарықта мұнай бағасының құбылуы себеп болды", - деп ел президенті Ильхам Әлиев Азия даму банкінің 48-ші отырысында мәлімдеді.

ТАСС агенттігі келтірген Әлиевтің сөзінше, қара алтын құнының өзгеруі Бакуді алаңдатып отыр. Әзірбайжан президенті ел билігінің мұнай-газ саласына деген тәуелділікті төмендетуге үнемі талпынып келгенін айтады. Әзірбайжаннан экспортталатын өнімнің негізгі бөлігін осы шикізат құрайды. Ильхам Әлиев болашақта үкімет ауыл шаруашылығы мен ақпараттық-коммуникациялық бағыттарға баса назар аударатынын жеткізді. Елді отандық азық-түлікпен 100 пайызға қамтамасыз етпек. Тіпті ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруды көздеп отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ